» » В Павлодаре чистая питьевая вода

В Павлодаре чистая питьевая вода

В Павлодаре чистая питьевая водаПавлодарда өздерін су арнасының қызметкерлері деп таныстырған адамдар пәтерлерді аралап, судың сапасын анықтайды да құны жарты миллион теңге тұратын фильтр сатып алуды ұсынады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Мұндай жағдайға тап болған павлодарлықтардың айтуынша, «зертханашы» бағасы аспандап тұрған фильтрді несиеге рәсімдеу үшін банк қызметкерімен бірге келеді. - Су арнасынан боламыз деп келді. Әлбетте,  үйге кіргіздім. «Көрсеткішті жазып алыңыздар» десем, «Судың сапасына сараптама жасауға келдік. Краннан аққан судың сапасы нашар. Сондықтан ішуге болмайды» демесі бар ма. Тіпті, кеткілері де келмейді. Содан барып, полицей шақырамын деп қорқытып, көз алдарында телефон нөмірін тере бастадым. Учаскелік инспектор келіп жеткенше алаяқтар табандарын жалтыратты, - дейді Валентина Ивановна. Бұл мәселеге қатысты агенттіктің жолдаған ресми сауалына «Павлодар-Су арнасы» ЖШС-нің бас инженері Рафаиль Ярулин кәсіпорынның пәтер бойынша судың сапасына сараптама жүргізуге ешбір қатысы жоқ екенін және краннан аққан судың қымбат фильтрсіз-ақ барлық ережелерге сай екенін атап өтті. - Біздің тұрғындармен тікелей жұмыс істейтін бақылаушылардың суреттері жабыстырылған куәліктері бар. Сондықтан жұртшылық бұл құжатты талап етуі керек. Бұдан басқа, біздің бақылаушылар қандай да бір фильтрлерді таратумен айналыспайды және пәтерлерде судың сапасын өлшеуге құқылары жоқ. Ауыз су сапасын бақылаумен «Павлодар – Су арнасы» ЖШС жанынан тіркеуден өткен арнайы өндірістік зертхана мен Павлодар қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы айналысады. Сапаны анықтау суды іріктеуге арналған нүктелерде - су беретін қалалық тарату желісінде, су сорғы станциясында өткізіледі. Қалалық су құбырының суы барлық санитарлық және гигиеналық ережелер мен талаптарға сай келеді. «Павлодар – Су арнасы» ЖШС су сапасын бақылаудан басқа, тұрғын үйлердің жертөлелерінде өлшеу құрылғыларымен бірге механикалық су тазалау фильтрін орнатады. Тұрғын үйлерді бөлетін аралықта суды қосымша тазартудың қажеті жоқ. Егер де пәтер иесі судың сапасын әрі қарай жақсартқысы келсе, қаладағы сауда нүктелерінде сатылатын кез келген фильтрді  өз пәтеріне орната алады, - деп жазылған Р. Ярулиннің жауабында. Сонымен қатар агенттікке берген сұхбатында кәсіпорынның бас инженері мұндай фильтр сатып алғысы келетін тұрғындарға күдікті тұлғалардан емес, арнайы мамандандырылған сауда орындарына баруға кеңес берді. Тұрғындардың арасында күмән тудырған мәселеге қатысты Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметі «су арнасы» алаяқтарына қатысты биылғы жылы полицияға ешқандай шағым түспегенін айтады. Нақтырақ айтсақ, жалған зерханашылардың құрбаны болған азаматтар тіркелмеген. Алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендерге полицияның жақын орналасқан пунктіне бару керек немесе «102» телефонына қоңырау шалса болады. Облыстық ішкі істер органдарының құрылымында алаяқтықты анықтаумен айналысатын арнайы бөлімше жоқ. Дегенмен осыған ұқсас қылмыстарды әшкерелейтін мамандандырылған жедел тергеу топтары құрылған. Ведомство ұсынған мәліметке сүйенсек, соңғы екі жылда алаяқ фактілері азайғаны байқалады. Мәселен, 2014 жылы 1142 оқиға тіркелсе, 2015 жылы мұндай жағдайлардың саны – 1095. Ал 2016 жылдың қаңтар айында 10 факті тіркелген. Оның басым бөлігінің беті ашылған. ІІД-нің ақпараты бойынша біздің өңірде полиция алаяқтарға қатысты оқиғалардың 83 пайызын анықтайды.
Омар Еркін
pavlodarnews.kz
Просмотров: 255
Похожие новости:
Мертвый младенец обнаружен под кроватью в Караганде

Мертвый младенец обнаружен под кроватью в Караганде

Мертвый младенец обнаружен под кроватью в доме в Караганде, сообщила ИА Новости-Казахстан пресс-служба МВД Казахстана.
В Астане были нарушены законы в сфере строительства
Сотрудница акимата убила мужа в восточном Казахстане

Сотрудница акимата убила мужа в восточном Казахстане

Была повреждена бедренная артерия...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Новости регионов
  • Новости городов

Другие видео

Реклама на сайте
  • Новости районов
  • Сельская новь